![Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68754.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде жол-көлік оқиғалары азаяр емес. Мәселен, өткен жылы жол апаты саны 23 мыңнан асып жығылған. Соның салдарынан үш мыңнан астам адам қаза болған, оның 273-і балалар.
Жан түршігерлік деректер бүгін Бас прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің жиналысында жария етілді. Жолдардың нашар жағдайы, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, алдын-алу шараларының тиісті деңгейде өтпеуі - жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне негізгі себеп.
Енді күрмеулі мәселені тарқату үшін заң бұзған жүргізушілерге жазаны қатайту керек және оларға бейнетіркеуіштерді пайдалану тәртібін түсіндірген жөн.
Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:
Қарапайым жол белгілерінің болмауынан адамдар ажал құшуда. Мәселен, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «негізгі жол» белгісінің жоқтығынан үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды. Осындай заң бұзушылықтар еліміздің барлық өңірлеріне қатысты болып отыр.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33012/)