![Астанадағы қарттар үйінде «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31127.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Игі шара «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы аясында жүзеге асты.
Оған қалалық «Менеджмент және бизнес колледжінің» 5 оқытушысы мен 40-қа тарта оқушысы қатысты.
Айым Бегалиева, Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжінің студенті:
Бұл адамдарға көмек көрсеткенде, жылулық сыйлауға тырысамыз. Осыны аз да болсын, сездіруге тырысамыз.
Қариялардың шашын өздерінің қалауынша алып берген ұл-қыздар шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығын меңгеріп жатқан студенттер.
Олардың айтуынша, бұл акция қарттар үйінде осымен үшінші рет өтіп отыр.
Александр Подопригора, қарттар үйінің тұрғыны:
Соңғы рет 9-мамыр - Жеңіс күні қарсаңында өткен. Жалпы, бұл акция жиі болып тұрады бізде.
Гүлзира Ахметова, қарттар үйінің тұрғыны:
Иә, өткен жолы келген. Сол кезде әдемі, сәнді шаш үлгілерін жасаған. Мен де қызығып, жасатып алдым.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы қарттар үйінде «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы өтті &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33034/)