![Астанада «Жастар үні» атты акция өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68763.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қала күні қарсаңында Астанада мерекелік іс-шаралардың легі басталды. Мәселен, кеше астаналық жастар студенттік саябақта бас қосты. Сөйтіп, «Жастар үні» атты ауқымды акция өткізді.
Оның аясында «Асық ату» сайысы ұйымдастырылды. Бұл, әсіресе, күнделікті компьютердегі атыс-шабыс ойындарына төселіп алған бүлдіршіндер үшін тосынсый болды.
Олар -мергендердің сайысында бақ сынап, асық атқан аға буынның ойынын қызықтады. Соңынан, концерттік бағдарламаны тамашалады.
Ерлан Еркін, қала тұрғыны:
Асық патииға қатысуын қатыстым. Бірақ, жеңілгенді жер көтереді, дейді. 1-ші турдан өте алмай қалдық. Айып етпейміз бірақ. Осындай шаралар көп болып тұрса, деген ниетіміз бар.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Жастар үні» атты акция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33057/)