![Мүгедек балалар қоғамға бейімделеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68789.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысының Аса ауылында ақыл-ойы мен дене мүшесінде кемістігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды. Білім беру мен емдеу ісі талаптарына сай етіп тұрғызылған мекеме мүгедек баласы бар 30-ға тарта ата-ананың жан күйзелісін жеңілдетті.
Өйткені, орталықта дефектолог, психолог, терпавет ескілді білікті де тәжірибелі мамандар әр баламен жеке жұмыс істейді. Дене қиымылын ширатады. Таным-түйсігін кеңейтеді. Орталыққа келушілерге мұнда, сондай-ақ, жатын бөлме мен асхана да бар.
Әлеуметтік такси балаларды ата-анасымен күнделікті үйінен алып кетіп, кешкісін апарып салады. Бұған дейін мұндай орталық тек облыс орталығы - Таразда ғана болатын. Келешекте Шу ауданында да ашылады, деп жоспарланып отыр.
Жанна Баубекова, Аса ауылындағы мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры:
Мұнда балалардың қимыл қозғалысындағы бұзылысты реттеуге арналған фоэтон костюм бар. Гравестат костюмдерін сатып алдық. Балалармен жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүгедек балалар қоғамға бейімделеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33154/)