Қытайлық қандастарымыз қазақ медицинасын дамытып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық қандастарымыз қазақ медицинасын дамытып жүр

21.06.2014
Қытайлық қандастарымыз қазақ медицинасын дамытып жүр

Қытайлық қандасымыз  Сердіқан Шәріпқанұлы арнайы дәрігерлік дипломы болмаса да, талай қытайлық дәрігерлер жаза алмаған аурулардың бетін қайтарған. 

 
Өзі дәрі-дәрмек жасап, науқастарды емдеп, қазақтың байырғы халық медицинасын өзге елде дамытып жүр. 
 
Сердіқан Шәріпқанұлы жастайынан шипагерлік өнерді игеруге әуес болып өскен. 
 
Мал бағып жүріп, ауруға шалдыққан аша тұяқтыларды өзінше емдеп-жазуға машықтанған.
 
Бірде абайсызда жығылып, иық сүйегін сындырып алады. Тәуекел деп өзін-өзі емдеп шыққан. Сол кезден бастап, шипагерлікпен айналысуға шындап кіріскен. 
 
Сердіқан Шәріпқанұы, шипагер:
Мен тамыр ұстамаймын. Адамның бетіне қарап айта аламын. Сынықтарды да сол қара қағаз арқылы көремін.
 
Бүгінде Сердіқанды алыстан арнайы іздеп келетіндер көп. Олардың айтуынша, Тарбағатай өңірінде ревматизм, менингит, сүйек, буын және түрлі ісік ауруларын емдеуде Сердіқанға ешкім теңдесе алмайды.  
 
Айнұр есімді келіншектің қызы сүйек туберкулезі ауруына шалдығып, небір қытайлық дәрігерлердің алдынан өтіп, ем таба алмаған. 
 
Айлап жаза алмаған ауруды Сердіқан сегіз күнде бетін қайтарды, дейді.
 
Айгүл Мұратқызы, Алтай тұрғыны:
Келгенде жүре де, тұра да алмай келген. 5-6 күннен кейін жүріп кетті. Осы кісіге келгеннен кейін жазылды, рахметімізді айтамыз.
 
Дәурен Бауыржанұлы, тіліші:
Бұл - Сердіқан Шәріпқанұлының ауласы. Яғни, үйі. Үй деген атауы ғана. Әуелі бұл аурухана. Мұнда - аурулар палатасы. Мында - диагностикалық бөлім. Ал, мына жақ ем қабылдайтын орын. 
 
Сердіқан бар ауруды бірнеше табиғи элементтерден тұратын бір-ақ дәрімен емдейді. Оны өзінің тапқырлығымен жасаған, әзірше атауы жоқ. Қолында арнайы дипломы болмағандықтан, дәрісіне патент ала алмай жүр.
 
Ойдағы ісі оңға басса, дереу атамекенге оралып, қазақтың ежелгі халықтық медицинасын қайта түлетуге атсалыспақшы.
 
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу