![Журналистердің қауіпсіздігін сақтайтын арнайы ұйым құрылуы керек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68834.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Журналистердің қауіпсіздігін сақтайтын арнайы ұйым болуы керек. Бұл туралы Астанада басталған ТМД-дағы мемлекеттік ақпараттық агенттік басшыларының отырысында айтылды.
Ресей жаңалықтары агенттігінің бас директоры Сергей Михайловтың айтуынша, жуырда ТМД елдерінің журналистеріне ортақ оқу бағдарламасы жасалады.
Онда тілшілердің қауіпті аймақтарда өзін-өзі қалай ұстауы, қалай жұмыс істеу керектігі оқытылады.
Мамандардың айтуынша, соңғы кездері текетірес болып жатқан аймақтарда зардап шеккен тілшілердің саны артып келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Журналистердің қауіпсіздігін сақтайтын арнайы ұйым құрылуы керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33352/)