![Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31301.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Акция барысында Жастар сарайынан бастап, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына дейін автожарыс ұйымдастырылып, қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама қойылды.
Мұндағы мақсат - қоғам мен жастардың назарын есірткіге қарсы күрес мәселесіне аудару мен есірткіні заңсыз қолданудың, тасымалдаудың алдын алу. Сондай-ақ, жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру.
Дмитрий Колокин, акция ұйымдастырушысы:
Ішкі істер дапартаментінің қарқынды жұмысының нәтижесінде есірткі қолдану көрсеткіші төмендеді. Бұл жыл сайын осындай шараларды ұйымдастырудың арқасы, деп білемін.
Шырақ БАЙКЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қазіргі заман жасы - есірткіге қарсы!» атты акция өтті &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33464/)