![Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31289.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ал, аудандарда мұндай мамандар атымен жоқ. Бүгін осы мәселелерді шешу үшін Сот актілерін орындау комитетінің өкілдері Астанада жиын өткізді.
Олардың айтуынша, қазір елімізде мемлекеттік сот орындаушылардың атқаруында 1 миллион 610 мың құжат болса, жеке сот орындаушылардың атқаруында небәрі 87 мың құжат бар.
Бұл атқарушылық құжаттардың жалпы мөлшерінің тек 6 пайызы ғана. Осы орайда, Сот актілерін орындау комитетінің басшылығы бірқатар ұсыныс жасады.
Мәселен, еліміздің қалалары мен облыстарында жеке сот орындаушыларын оқытатын арнайы курстар ашу, сондай-ақ, мемлекеттік құзырлы органдар мен жеке сот орындаушылар институттарының арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Ғалымбек Смағұлов, Республикалық жеке сот орындаушылар алқасы төрағасының орынбасары:
Бүгінде банктер заң бойынша біздің сот орындаушысының қаулысын орындамайды. Ал, біз олардан жеке тұлғаларға қатысты мәліметтер ала алмаймыз. Мемлекеттік органдар біріге отырып, осы мәселелерді қарау керек.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33494/)