![Мұнайшы спорт кешені директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68905.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырауда «Мұнайшы спорт кешені» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мекеме басшысы 2013 жылғы қаңтар айының 3-і мен 2014 жылдың 31-ші наурызы аралығында спорт кешеніне қатысы жоқ 8 адамға жалақы төлеп келген деген күдік бар. Осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 3 миллион 200 мың теңге залал келтірілген.
Динара Құрымбаева, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:
Өзіне сеніп тапсырылған, жалпы 3,2 миллион теңге қаражатты ысырап етті деген күдік бар. Қылмыстық іс тергелуде. Нәтижесі жұртшылыққа жария етіледі.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнайшы спорт кешені директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33582/)