![Ақсу қаласының орталық көшесі Астана деп аталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68947.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Біз ырымшыл халықпыз. Әсіресе, қай нәрсеге болсын, ат қойғанда, жан-дүниеміз жақсылық атаулыға бейім тұрады.
Павлодар облысы Ақсу қаласының орталық көшесінің Астана деп өзгертілуі - соның нақты мысалы.
Мұнда шағын қалаларды дамыту бағдарламасы қабылданып, көшенің инфрақұрылымы жаңартылды. Жаңа ғимараттар бой көтерді.
2008 жылдың шілде айы. Астананың туған күні. Бұл -ақсулық тұрғындар үшін ұмытылмас күн. Әсіресе, осы шаһардан шыққан тұңғыш кино маманы Яков Коновалов жыр қылып айтады.
Ол - көше атын өзгертуге қатысты құрылған белсенді топтың атынан Президентке хат жолдаушылардың бірі.
Яков Коновалов, Астана көшесінің тұрғыны:
Бұл көше бастапқыда Бейбітшілік деп аталатын. Айтса айтқандай, адамдарымыз тату, бір-бірімізбен туысқандай болып кеттік. Бірақ, көпшілік бірауыздан Астана, деп өзгертуді қалады. Мұның сыртында Елордамыз сияқты өркендесек, деген тілек болатын.
6 жылдың ішінде Ақсу қаласы адам танымастай болып өзгерді. Әсіресе, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы қабылданғаннан бері шырайлы шаһарға айналды.
Залмұқан Арынов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Біз Ардагерлер үйі Астана көшесінде орналасқанына қуаныштымыз. Әрине, бұл - жалғыз менің қуанышым емес, елдің қуанышы. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсаттарының әрі қарай толыға түсуінің дәлелі.
Гүлнәз Салтанова - Астана қаласының құрдасы. Енді бірер жылда білім іздеп, Астанаға баруды армандайды.
Гүлнәз Салтанова, Астана көшесінің тұрғыны:
Астана қаласын қазақтың мерейі, берекесі, деп білемін. Елордамыз қалай көркейіп, гүлденсе, біздің де Акөшеміз күн санап, әсем келбетке енуде.
Осы көшеде «Астанаға лайық бірден-бір мекен - Ақмола облысы», деп ойын ойып тұрып айтқан Қаныш Сәтбаевқа да ескерткіш қойылды. Жақсылық пен жайсаңдық Астана атауымен астасып жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақсу қаласының орталық көшесі Астана деп аталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33662/)