![Жем зауыты іске қосылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68955.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысы Станционный ауылында мал азығын дайындайтын зауыт іске қосылды. Бұл - өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржыландыруымен салынған екінші нысан.
Жем зауыты Қазақстанмен 2008-ші жылдан бері серіктес неміс компаниясының бір бөлігі. Бұрын сырттан әкелінетін өнімдер енді жылына 40 мың тонна азық дайындайтын осы зауытта шығарылатын болды. Жоба құны 1 миллиард теңгеден асып отыр.
Айта кетейік, кәсіпорындағы барлық жұмыс процесі екі-ақ адамның қатысуымен атқарылады. Яғни, өндіріс толықтай автоматтандырылған заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта кәсіпорында қоймалар мен элеватор салу қолға алынбақшы. Одан басқа да жоспарлар көп.
Сергей Миленко, жем зауытының директоры:
Біз қазір азық сақтайтын орындарды көздеп отырмыз. Сөрелерді де үлкейтеміз. Одан соң мал азығын қаптайтын құрылғы орнатамыз. Себебі өнімдерді алысқа жіберген кезде оның қапталғаны дұрыс.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жем зауыты іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33678/)