![Балалардың терезден құлау оқиғасы жиілеп кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68994.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылғы жылдың 6 айында Астана қаласында көпқабатты үйлердің терезесінен 10 бала құлап, оның 2-еуі қаза тапты.
9-шілде күні ересектердің қарауынсыз қалған 6 жасар қыз 6-шы қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.
Қазір жағдайы өте ауыр. Осындай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кетті.
Мұны Ішкі істер департаментінің өкілдері растап отыр.
Мамандардың айтуынша, балаларды үйде жалғыз қалдырмаған абзал.
Сондай-ақ, терезені жауып жүру керек. Ал, терезеде орналасқан тор құлаудан қорғамайды.
Оның бекітілуі салмаққа арналмаған. Сондықтан, терезеге арнайы қорғаныс орнатқан жөн.
Госман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Көпқабатты үйлерге терезе орнататын фирма қызметкерлері үй иелеріне және балаларға терезеге орнатқан тор туралы ақпарат беруі тиіс. Оның қауіпті екенін және итергенде түсіп қалатынын айту керек. Қазіргі болған оқиғалардың бірден-бір себебі - сол торлар. Сондықтан, арнайы қорғаныс құралын орнату қажет.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балалардың терезден құлау оқиғасы жиілеп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33752/)