![Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты (толығырақ)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68995.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында «Қарағанды-Балқаш» тасжолы бойында болған.
Жол үстінде «Lada Priora», «ВАЗ-210.10» және «Hyundai» автокөліктері соқтығысқан.
Сол жерде 4 ер кісі мен екі әйел тіл тартпай кетті. Марқұмдар - Астана қаласы мен Қарағанды облысының тұрғындары.
Тергеу болжамы бойынша үш көліктің бірі қатты жылдамдықпен қарсы жолаққа өтіп кеткен.
Қазір Қылмыстық Кодекстің 296-бабы бойынша аса ірі жол апаты ретінде есепке алынып, кінәліні анықтау үшін іс қозғалды.
Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Үш автокөліктің соқтығысуы Сарышаған елді мекенінен 13 шақырым жерде болды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының салдары анықталуда.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты (толығырақ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33754/)