![Атырауда инвесторларды қолдау орталығы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69048.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырауда инвесторларға және инновациялық жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсететін орталық ашылды. Онда негізінен кеңес беріледі және талдау жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, бұл жерге келушілер өздерінің инновациялық технология бағытындағы жобаларын іске асыруға да мүмкіндіктері бар. Дәлірек айтқанда, орталықта тартымды жобаларға грант бөлу де қарастырылған.
Азамат Асылбеков, орталық директоры:
Біздің компания құрылғаннан бастап, қазір үш инновациялық грантқа тапсырыс берілді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта 4 жобаны жүзеге асырмақшымыз. Сонымен қатар, шамамен 8 шетелдік инвестордың қатысуымен инвестициялық жобаны бастауға ниеттіміз.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда инвесторларды қолдау орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33857/)