![Атырау облысында жол-көлік оқиғасында 4 адам мерт болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69056.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам мерт болды. Атырау-Доссор трассасының 34-ші шақырымында Құлсары қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz» көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударылып, жол бойынан шығып кеткен.
Қатты соққылардың салдарынан көлік ішінде болған 6 жолаушының үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Айта кетерлігі, жолаушылардың барлығы Павлодар қаласының тұрғындары.
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аударылған «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі және үш жолаушы Доссор ауылының ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған. Ал, тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жол-көлік оқиғасында 4 адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33872/)