![Бас прокуратура бірінші жартыжылдықты қортындылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69085.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде жыл басынан бері экстремизмді насихаттайтын 15-ке жуық әлеуметтік желі анықталды. Бұл туралы бүгін Бас прокурор мәлімдеді. Асхат Дауылбаевтың айтуынша, 2014-жылдың бірінші жартыжылдығында теріс ағымды насихаттайтын 180-ге жуық мақала жарық көрген. Ал, бұл біздің заңға қайшы. Сондықтан, анықталған әлеуметтік желілер жабылған. Сондай-ақ, прокуратура қызметкерлері жыл басынан бері әлеуметтік және экономикалық салада 270 мыңға жуық заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде, 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалып, 35 мыңдай адам жауапкершілікке тартылды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура бірінші жартыжылдықты қортындылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33927/)