![Алматы облысының сел жүрген ауданына ТЖМ-ның жедел тобы барды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69100.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысына қарасты Талғар ауданында жүрген селден қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін апат болған аймаққа төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы барды. Олар орман шаруашылығындағы 3 үйдің және бірнеше автожол учаскесі мен «Алматы-Қорғас» жолындағы автомобиль көпірін сел шайғандығын анықтады. Қазір өңірді қалпына келтіру үшін 15 арнайы техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылды. Жалпы, Талғар су қоймасына 8 миллион текше метрге дейін су сияды. Қазір тоспадағы судың көлемі небәрі 300 мың текше метр.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының сел жүрген ауданына ТЖМ-ның жедел тобы барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33956/)