![Астанада бір топ металлург марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69102.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада темір өндіру саланың өсіп өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ металлург марапатталды. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау арнайы құттықтап, «Құрметті металлург», «Кұрметті кенші» төсбелгілерін сыйға тартты. Оның айтуынша, бүгінде елдегі өнеркәсіптік өндірістің 17 пайызын құрайтын тау-кен металлургиялық кешені қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2010 жылы өнеркәсіптің көлемі 1569,9 миллиард теңгені құраса, былтыр бұл көрсеткіш 202 миллиард теңгеге артқан.
Төлеген Мұханов, Тау-кен және металлургия өнеркәсіптері қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары:
Біздің салада жұмыс істеу өте қиын, сондықтан өткізіп жатқан мейрамымыз біздің жұмысшыларды моральдық жағынан қолдау болып табылады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада бір топ металлург марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/33960/)