![Еліміздің кейбір аймағында алдағы үш күн бойы жауын толастамайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69184.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында алдағы үш күн бойы жауын-шашын толастамайды.
Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы түнде +13, күндіз +25 градус болмақ.
Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында да алдағы демалыс күндері қысқа мерзімді нөсер-жаңбыр жауады.
Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Ал, Батыс Қазақстанда күн ашық, жауын-шашынсыз болмақ. Мұнда сынап бағаны күндіз +28-35 градусты көрсетеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің кейбір аймағында алдағы үш күн бойы жауын толастамайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34125/)