![Шекарадан заңсыз мұнай өнімін алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69250.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Батыс Қазақстан облысында шекарадан заңсыз мұнай өнімін алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды.
Көлік тіркемесінен табылған мұнайдың салмағы - 28 тонна. Тексеру барысында жүргізушіде жүктің заңдылығын нақтылайтын тиісті құжаттар болмай шықты. Әрі ол тауардың қандай мақсатқа арналғанын да айта алмады.
Қазір автокөлік тіркемесі ішіндегі мұнайымен бірге тәркіленді. Қаржы полициясы істің мән-жәйын тексеріп жатыр.
Манарбек Қарекенов, 20/29 әскери бөлімінің аға офицері:
Қазіргі уақытта құжаттардың барлығы Қаржы басқармасына тергеуді жалғастыруға тапсырылды. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай шекара қызметі бойынша осындай дерек екінші рет тіркеліп отыр.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шекарадан заңсыз мұнай өнімін алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34250/)