![Алматы облысында егін орағы қыза түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69277.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Алматы облысында өнім былтырғымен салыстырғанда екі есеге артық болады деп межеленіп отыр.
Диқандардың айтуынша, бұл басы ғана, өнімділік көрсеткіші бұдан жоғары болмақ. Оны енді күзгі жауын-шашынның астында қалдырмай, қамбаларға дер кезінде құйып алу қажет.
Осыған байланысты мемлекет те шаруаға барынша қолдау көрсетіп отыр. 6-7 миллион теңге көлемінде субсидия төленді, жанар-жағармай да арзандатылған бағамен берілуде.
Жалпы, Алматы облысында 914 мың гектар жерге егін егілді. Биыл 431 миллион теңгенің өнімі өндіріледі. Жетісулық диқандар ел қамбасын толтыруға үлес қоспақ.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында егін орағы қыза түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34302/)