![Ақтөбеде жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69284.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбеде «Эко-Экспресс» болып құрылған серіктестік 3 ай бойы жұмысшылардың жалақысын бермеген.
Жұмысшылар Жаңажол кен орнында бетон құйып, резервуар, мұнай сорғыларын қондырады. Күннің ыстық-суығына қарамай 4 жыл қатынап жүріп тер төкті.
Құрылыс компаниясы әр жұмысшыға кемінде 250-400 мың теңге қарыз. Олар бөліп алуға да келісім берген.
Бірақ, болмаған соң 20 адам түгел жұмыстан шығып кетті. Енді кіріс жоқ. Дені қарызға белшеден батқан.
Әлия ТАЛАСОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34314/)