![Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 32 арнайы техникаға ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69295.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Владимир Божко жаңа көліктердің кілттерін өңірлік бөлімшелердің басшыларына салтанатты түрде табыс етті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, 2011-2013 жылдар аралығында ТЖМ иелігіне 424 бірлік техника алынды, оның 274-і елімізде шығарылған.
Аумақты бөлімшедегі техниканың 14-і медициналық, 11-і өртке қарсы, 7-і жедел құтқаруға арналған.
Жыл соңына дейін осындай 63 техника сатып алу жоспарланған.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 32 арнайы техникаға ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34335/)