![Батыс Қазақстанның қарттар үйінде қазақ қариялары көбейіп барады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69303.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарттар үйінен пана тапқан қазақ қариялары көбейіп барады.
Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі 300-ге тарта адамның жартысынан астамы қазақтар.
Мемлекеттің қамқорлығына алынған қариялардың көңілі жабырқау. Ұрпақтары ұмытқанмен оларға жан-жылуын сыйлауға талпынатындар аз емес.
Биыл мұнда демеушілердің көмегімен қариялар серуен құрып, спорттық ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал, қала жастары қамкөңіл жандарға арнап концерт ұйымдастырды.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанның қарттар үйінде қазақ қариялары көбейіп барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34351/)