![Мал шаруашылығы өркендеуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69352.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Алматы облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 315 мың тонна ет өткізу көзделуде.
Өңірде 3 миллион 200 мың қой, 870 мың ірі қара, 256 мың жылқы, 10 миллион құс және 8 мыңға жуық түйе бар. 166 мың сүтті сиырдың әрқайсысы жылына орта есеппен 2 мың 700 литр сүт береді екен.
«Сыбаға» бағдарламасының шапағатын көріп отырған жанның бірі - Зейнелі Әлиасқаров. Ол бағдарлама арқылы 6 миллон 900 мың теңге алып, мал басын арттырды.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекет тарапынан ата кәсіпті жаңғыртамын дегендерге қолдау орасан, ең бастысы ынта болса болғаны, дейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мал шаруашылығы өркендеуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34446/)