![Еліміздің кей аймақтарында күн ысиды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69353.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Демалыс күндері еліміздің кейбір аймақтарында күн ыстық болады, деп күтілуде. Әсіресе, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары үшін биылғы жаз салқын, әрі жауын-шашынды болды. Қалыпты күн райы тек оңтүстік және батыс өңірлерде сақталған.
Алдағы демалыс күндері, яғни, 9-10 тамызда Орталық Қазақстанда ауаның температурасы +40 градус, ал оңтүстік аймақтарда +42 градусқа дейін көтеріледі.
Бұл жылдық орташа көрсеткіштен 3-7 градусқа жоғары. Тек 11 тамыздан бастап, солтүстік өңірлерде жауын-шашын болып, ыстық басылады деп күтілуде.
Саламат ОМАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің кей аймақтарында күн ысиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34448/)