![Қазақстан-Ресей шекарасында 20 тонна түсті металл алып өтпек болған азамат ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69370.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан-Ресей шекарасында заңсыз 20 тонна түсті металл өткізбек болған Ресей Федерациясының азамат ұсталды.
Батыс Қазақстан облысындағы «Жайсаң» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары тексерген кезде қалайыдан құйылып, цилиндр түрінде жасалған жүктің қажетті сертификат пен лицензиясы болмай шықты.
Қалайы контрабандасының алдын-ала есептелген құны 40 миллион теңге.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан-Ресей шекарасында 20 тонна түсті металл алып өтпек болған азамат ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34480/)