![Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан ІІ жазғы чемпионат аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69393.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан төтенше жағдайлар қызметкерлерінің екінші жазғы чемпионаты аяқталды.
Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 20 команда келді.
Биылғы жылдың ерекшелігі сайысқа қыздар командалары да қатысты.
Доданың мақсаты - қыркүйек айында Алматы қаласында жалауын көтеретін әлем біріншілігіне спортшыларды іріктеу.
Бұл бәсекеде бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан ІІ жазғы чемпионат аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34524/)