![Алматыда үйдің шатыры өртке оранды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69401.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өрт Алмалы ауданы, Шәріпов көшесінде сағат 10:00 шамасында басталған. Оқиға орнына 50-ге жуық құтқарушы мен алты негізгі техника жұмылдырылып, өрт сағат 11-50 де толығымен өшірілді. Тұрғын үйден 9-газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Адам шығыны жоқ. Мамандар өрт себебін анықтауда.
Айгүл ЕРМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда үйдің шатыры өртке оранды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34539/)