![Ақмола облысы әкімі егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69415.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Ақмола облысында 4,5 миллион тонна астық жинау көзделіп отыр.
Диқандар іске ертерек кіріссе, қыркүйек айының соңына дейін астықтың 70-75 пайызын жинап алуға болады, деп мәлімдеді сала мамандары.
4,7 миллион гектар алқапқа сіңірілген дәнді дақылдарды жинауға 8 мыңнан астам комбайн жұмылдырылады.
Бүгінге дейін қажетті 78 мың тонна көлеміндегі жанар-жағармайдың 65 пайызы жеткізілген.
Қалғанын кешіктіріп жатқандарды облыс әкімі қатаң сынға алып, уақытында жеткізуді тапсырды.
Диана АХМЕТЖАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысы әкімі егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34566/)