![Түнде Алматыда жер сілкінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69421.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, Алматыда түнгі сағат 3:42 шамасында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы қаланың шығысында 41 шақырым жерде, шамамен 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) 5 магнитудалық жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырым қашықтықта, эпицентрі – 28 шақырым тереңдікте болған деп хабарлады.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айбар Жақсыбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түнде Алматыда жер сілкінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34577/)