![Алматыда кітап фестивалі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69430.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда кітап фестивалі өтті. Шара «Алматы - Достастықтың мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Ұлттық Ғылым Академиясы алаңында ашылды.
Онда алматылық 10 баспа мен 5 ірі кітап сататын компания өнімдері қойылып, кітаптар 15 пайыз жеңілдікпен сатылды.
Балалар кітапханасы да ұйымдастырылып, бүлдіршіндер түрлі сайыстарға қатысты.
Сондай-ақ, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кітаптар» шарасына қатысып, қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндік берілді.
Нұрлан НАУРЫЗӘЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда кітап фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34594/)