![Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69445.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы қаласындағы өртенген екі қабатты үйдің 50 тұрғыны бірнеше күннен бері ауладағы лашықта тұрып жатыр.
Олардың қатарында мектеп жасындағы 10 бала мен 11 бүлдіршін бар.
Естеріңізге сала кетейік, өрт 14-тамызда түн ортасында Түрксіб ауданына қарасты Щербаков көшесіндегі 6-шы тұрғын үйден шыққан.
Өрт сөндірушілер жалынмен екі сағаттай арпалысып, толық сөндірген.
Алайда, үйсіз қалған 16 отбасының тұрғындары қиын-қыстау жағдайға тап болды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34623/)