Соңғы үш жылда Астанада 89 бала өзіне-өзі қол жұмсауға талпынған. Бұл туралы бас шаһарда өткен Тамыз кеңесінде айтылды. Кәмелет жасына толмағандар арасында суицидке талпынған 89 оқиға тіркеліп, оның 14-інде балалар қайтыс болды, дейді мамандар.
Мұндай оқиғаның туындауына бірінші кезекте интернет әсер етеді екен. Осындай жағдайлардың алдын-алу үшін Астана мектептерінде психология пәнін оқыту ұсынылды.
Индира БЕГАЙДАР