![Қарағандыдағы «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69482.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыдағы «Спасск» полигонында «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы 6 мемлекеттің әскерлері басқыншыларға қарсы өздерінің қорғаныс қабілеттілігін көрсетті.
Осымен 6-шы рет өткізілген оқу-жаттығудың айтарлықтай шеңбері кеңейіп, ұйымға мүше елдер арасында маңызы артты.
Оқу-жаттығудың жабылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов қатысып, үздік сарбаздар мен офицерлерді марапаттады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыдағы «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34693/)