![Жаңа теміржол ауылға жаңа серпін береді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69485.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің батысы мен шығысын байланыстырған «Жезқазған – Бейнеу» теміржолы Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданы үстімен өтеді. 255 шақырым жол бойында жаңадан ауылдар бой көтерді.
3 станция мен 6 разъезд қалыптасты. Байқадам, Бегімбет, Шүкір мен Көпмола ауылдарының тұрғындары еңбекпен қамтылуда. Жаңа шойын жол желісі ауылдарға жаңаша реңк бермекші. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауыл көркейеді.
«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы отандық өнімнің халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз етеді. Жол тармағының Ақтөбе облысының үстінен өтуі өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономиканың дамуына ықпал етеді. Бастысы, аудан көркейіп, ауыл гүлдене түседі.
Әлия ТАЛАСОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа теміржол ауылға жаңа серпін береді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34699/)