![Маңғыстау облысында жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық жасалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69493.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Маңғыстау облысының Құрық ауылында оқушыларға қайырымдылық жасалды. «Мектепке жол» акциясы аясында жетім және жағдайы төмен отбасының 100 шақты баласына сабаққа қажетті киім-кешек пен құралдар алынып берілді.
Оқушыларға көмек қолын созуға Құрық ауылының 8 кәсіпкері, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қор өкілдері ниет білдірді. Ауылдың 90 баласына спорттық киімдер, мектеп формасы мен аяқ киімдер және сабаққа қажетті барлық құрал-жабдық берілді.
Мұндай шара шағын ауылда қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34714/)