![Ақмола облысында 8 жұмысшыны ток соқты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69500.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысы, Атбасар ауданына қарасты Новомариновка ауылында 8 жұмысшыны ток соқты. Оқыс оқиға астық жинайтын қоймада болған.
Олардың барлығы ауруханаларға жеткізілді. Ал, үш науқас ауыр халде Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 8 жұмысшыны ток соқты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34728/)