![4 ай бұрын жоғалған ақтөбелік сержант әлі табылмады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69507.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түнгі кезекшіліктен үйіне оралмаған ақтөбелік Арман Сұрағановтың жоғалғанына 4 ай болды.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкеріне іздеу жарияланды.
Бірақ, нәтиже жоқ. Туыстары «Оны белгісіз біреулер жұмыс орнынан алып кеткен», дейді. Бөлмедегі қан іздері мен шашылған заттар айғақ.
Ата-анасы мен жарының үміті сөнген жоқ. Арманды табуға көмек көрсеткендерге сыйақы бермекші.
Өйткені, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің ісіне наразы.
Әлия ТАЛАСОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=4 ай бұрын жоғалған ақтөбелік сержант әлі табылмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/34742/)