![Канадалық сарапшылар Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамасын қолдайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69519.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Канадалық тарихшылар мен «Әлем дәрігерлері, ядролық соғысты болдырмау үшін» қозғалысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы идеясын маңызды қадам деп біледі.
Виннипег университеті ғалымдарының пікірінше, халықаралық қозғалыстың 21-ші Дүниежүзілік конгресінің Астанада өтуі - ғаламдық құбылыс.
«Ядролық қару мен сынақтардан саналы түрде бас тартқан Қазақстан - атомды бейбіт мақсатта қолдана отырып, берекелі тірлік кешуге болатынын әлемге мойындатқан бірден-бір ел. Ал Нұрсұлтан Назарбаев өзін, әлемдік қауымдастықта бітімгер-президент ретінде қалыптастырды», - дейді тарихшылар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канадалық сарапшылар Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамасын қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34765/)