![Өскеменде облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69531.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конституция күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның облыстық соты жаңа ғимаратқа көшті.
Ашылу салтанатына Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми және облыс басшылығы қатысты.
Жаңа ғимаратта 222 кабинет бар. Олардың 45-і судьялар мен хатшыларға арналған.
Салтанатты шара барысында Қайрат Мәми бірнеше судьяға арнайы медальдар табыс етті. Бұдан кейін мәртебелі меймандар жаңа ғимараттың алдында жас көшеттер отырғызды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34788/)