![Елордалық полицейлер қан тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69546.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін 200-ге жуық елордалық полицей жол апатына түскен бүлдіршіндерге донор болды.
Ішкі істер департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері қалада балалардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Апат салдарынан 1 бүлдіршін қаза тапты. 59 бала түрлі дәрежеде жарақат алған.
Жол-патрульдік полициясының инспекторлары мен әкімшілік полиция қызметкерлері «апатта қан жоғалтқан балғындарға осылайша көмектессек», дейді.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық полицейлер қан тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34816/)