![Астанада «Конституция: тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық жиын өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69557.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан – әуелгі нұсқадағы Ата Заңды бірнеше рет өзгертті. Жүздеген кодекстер қабылдады. Кешегі үйренуші ел, бүгін үйретушіге айналды.
Мұндай мәлімдеме Астанада өткен «Конституция: тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық жиында айтылды.
Мәселен, көрші Ресей Федерациясы – Қазақстанның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жоғарғы сот саласында жасаған реформасын өзіне көшіріп жатыр.
Қытай елі – біздегі Ассамблеяны өздерінде де ашқысы келеді. Бұл дегеніміз – Конституцияға түскен әрбір бап, әрбір сөз – өмірде жүзеге асатындығының айғағы.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Конституция: тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық жиын өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/34837/)