![Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырды (толығырақ)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69672.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Өмірге үміт сыйла» акциясын ұйымдастырған «Қазақстан» Ұлттық арна ұжымы төрт сағат ішінде 50-ге жуық қызметкер 15 литрдей қан тапсырды.
Елімізде өмірі бір тамшы қанға байлаулы науқастар саны артуда. Тек гемофилия дертімен 800-ге жуық науқас тіркеуде тұр.
Астанадағы Қан орталығына айына кемінде 1000 доза қан түйіршігіне сұраныс келіп түседі екен.
Еуропа елдерінде әр мың адамға шаққанда 40-50 донордан келеді. Ал бізде әзірге 15-17-ден аспай тұр. Бұл көрсеткішті арттыру үшін осындай шара керек-ақ.
Акция бүгіннен бастап республиканың барлық өңірінде бастау алды. Оған «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты 3 мыңнан астам қызметкер бір кісідей атсалыспақ.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырды (толығырақ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35058/)