![Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы 5 жылға сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69692.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Қазақстан облысында Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Альмира Орманшина 5 жылға сотталды.
Қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша, шенеунік тендердің жеңімпаздарын анықтауға ықпал еткен.
Осындай заңсыз әрекеті үшін бір серіктестік басшысынан 6 миллион 850 мың теңге сыйақы алған.
Алайда, бұрынғы басшының ол іске араласуға құқығы болмаған.
Айнұр АҚБАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы 5 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35095/)