![Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69726.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазанның 1-і күні өтетін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты кандидаттарды тіркеу 11-қыркүйекте аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, Сенатта босаған 16 орынға ұсынылған 88 үміткердің 53-і тіркелді.
Үміткерлердің орташа жасы - 53, екеуі – әйел. Мамандығы бойынша: 21-і инженер, 9-ы ауыл шаруашылығы қызметкері, 8-і экономист, үміткердің 8-і дәрігер, 4-і оқытушы және біреуі мұғалім.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35163/)