![Астанадағы қарттар үйінің тұрғындары Отбасы күнін атап өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69752.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жоғарғы сот қызметкерлері Астанадағы қарттар үйінің тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтады.
Олар қарияларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып, тұрмыстық техникалар тарту етті. Сондай-ақ, қарттар үйінің қабырғасында жүріп отбасын құрған жұптарға бағалы сыйлықтар үлестірді.
Бүгінде бұл мекемеде 300-ге жуық адам тұрады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы қарттар үйінің тұрғындары Отбасы күнін атап өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35213/)