![Алматыдағы Никольский базарынан өрт шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69764.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда Никольский базарынан өрт шықты.
Куәгерлердің айтуынша, өрт жалыны «Алатау» кафесінің шатырын шарпып, соған жапсарлас тұрған тұрмыстық зат бұйымдарын сататын сауда орындарын қамтыған.
Қызыл жалынды сөндіруге 65 құтқарушы мен 2 арнайы және 9 негізгі техника жұмылдырылды. Мамандар оттың неден тұтанғанын анықтауда.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы Никольский базарынан өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35237/)