![«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің айналма жол құрылысы аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69773.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Батыс Еуропа-батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің аса маңызды бөлігі саналатын Қордай асуы айналма жолының құрылысы аяқталды.
Енді Тараз бен Алматы қаласының екі ортасына жолаушылар ешбір кедергісіз қатынай алады. Айналма жолдың ұзақтығы - 80 шақырым.
Ол Жамбыл облысындағы Отар және Благовещеновка ауылдарына дейінгі аралықты қамтиды.
Жалпы халықаралық көлік дәлізінің 495 шақырымы Жамбыл облысы аумағынан өтеді. Бүгінгі таңға оның 380 шақырымдай жерінің құрылысы бітті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің айналма жол құрылысы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35254/)