![Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69792.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді. Олардың біреуі заң шығарушы органның жоғарғы палатасына өзін екінші мерзімге ұсынған, ал қалған екеуі облыстық мәслихаттың депутаттары. Қазір үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының атынан Сенатқа сайланатын депутатты жергілікті мәслихаттардың 313 депутаты таңдайды. Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, өңірде 1-қазан күні болатын сайлауды өткізуге барлығы дайын.
Камал Арынханов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
Парламенттің Сенат депутатына үміткерлер облыстың аудан, қалаларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың сайлаушылармен кездесуінің арнайы кестесі бекітілген.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35289/)